Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Көкшетау қаласы мәслихатының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № С-25/6 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2 бабының 10-33) тармақшасына, 10-8 бабының 1 тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына, 14-1 бабының 2 тармағына, 68 бабының 6) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 1) тармақшасына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен 4 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: »;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы шешіміне 2-қосымшаға сәйкес Көкшетау қалалық мәслихатының кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында айқындалған Көкшетау қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Көкшетау қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді ресми жариялануды;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Көкшетау қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қаласы мәслихатының шешіміне қосымша Көкшетау қаласы мәслихатының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № С-25/6 шешіміне 2-қосымша |
Көкшетау қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі:
- Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 49/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8277 тіркелген).
- Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы № С-22/11 «Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30143 тіркелген).
- Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № С-26/7 «Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8508 тіркелген).