«Үздік ауыл мұғалімі – 2026» аудандық байқауының жеңімпаздары анықталды!

    «Үздік ауыл мұғалімі – 2026» аудандық байқауының жеңімпаздары анықталды!

    2026 жылғы 11 қараша күні ауданымызда ауыл мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық әлеуетін арттыру және озық педагогикалық тәжірибелерін насихаттау мақсатында «Үздік ауыл мұғалімі – 2026» аудандық байқауы өткізілді.

    Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ұстаздар:

    🥇 І орын – Алинова Қ.Б., Қайнарлы негізгі орта мектебінің информатика пәні мұғалімі.

    🥈 ІІ орын – Толықбек Ж.О., Жаңаауыл негізгі орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі.

    🥈 ІІ орын – Тюмембаева А.А., Урунхайка негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

    🥉 ІІІ орын – Ожекенова Г.С., Ақжайлау негізгі орта мектебінің даярлық сынып мұғалімі.

    Байқаудың бас жүлдесін иеленіп, І орынға қол жеткізген Қайнарлы негізгі орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Алинова Қ.Б. облыстық кезеңге жолдама алды.

    Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

    https://www.instagram.com/reel/Dfl8r4oI-Fp/?vrfl=ZWRkZjZvazE3cGxs

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары