«Жас заңгерлер» клубының ашылуы

    «Жас заңгерлер» клубының ашылуы

    «ЖАС ЗАҢГЕРЛЕР» КЛУБЫНЫҢ АШЫЛУЫ

    Бүгін ауданымыздың білім беру ұйымдарында құқықтық сауаттылықты арттыруға, заңды құрметтеуге және жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған «Жас заңгерлер» клубының ашылу салтанаты өтті.

    Іс-шара барысында оқушыларға клубтың мақсат-міндеттері таныстырылып, құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Жас заңгерлерге арнайы галстук тағу рәсімі өткізілді. ⚖️📚

    Клуб жұмысы аясында оқушылардың құқықтық білімін жетілдіруге бағытталған практикалық сабақтар, кездесулер, пікірталастар және танымдық іс-шаралар өткізіледі.

    Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудан басталады! 🇰🇿

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары