Шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша № 2 ХАТТАМА

    Тараз қаласы11.11.2026 жыл

    Конкурстық комиссия:

    Ғ.Ташметов – комиссия төрағасының орынбасары;

    Б. Жармуханбетов, Е. Құлымбет, Ж. Қожанберлиев - комиссия мүшелері

    Конкурс ұйымдастыру барысында №1 лот бойынша тұрақты ауданаралық «ст.Шу - ст.Шығанақ – ст.Қашқантеңіз» теміржол маршруты,
    №2 лот бойынша «ст.Шу – ст.Отар» тұрақты ауданаралық теміржол маршруты қойылды.

    Конкурсқа қатысуға өтінім берген тасымалдаушы мекеме (бір қатысушы) «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Саяхат» филиалы.

    Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 30 қазандағы №113 бұйрығының (бұдан әрі – Бұйрық) 56-тармағына (Тендерге қатысуға бір ғана тасымалдаушы жіберілгендіктен комиссия тендерді өтпеді деп таныйды) сәйкес, ауданаралық №1 лот «ст.Шу - ст.Шығанақ – ст.Қашқантеңіз» және №2 лот «ст.Шу – ст.Отар» теміржол маршруттарының конкурсы өтпеді деп танылды.

    Бұйрықтың 6-тармағына сәйкес, жоғарыда аталған маршруттарға конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарына қайта жариялансын.

    Қағиданың 39-тармағына сәйкес тендерді ұйымдастырушы тарапынан вагондардың тендерлік өтінімінде тасымалдаушы ұсынған құжаттардың сәйкестігіне жүргізілген зерттеп қарау актісінің сілтемесі: https://www.gov.kz/org/zhambyl-transport/documents/details/1099201?lang=kk

    Б. Жармуханбетов

    Е. Құлымбет

    Ж. Қожанберлиев

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" жаңалықтары