Ақтөбе облысында медициналық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қолға алынған. Ырғыз ауданында ауысымына 300 адамды қабылдауға арналған жаңа емхананың құрылысы басталды.
Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру аясында Ақтөбе облысында денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы бағыттағы кезекті жоба Ырғыз ауданында жүзеге асырылып жатыр. Аудандық ауруханаға жапсарлас екі қабатты жаңа емхана ғимаратының құрылысы басталды.
Жобаның жалпы құны 1 млрд 328 млн теңгені құрайды. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінген.
Құрылыс жұмыстарының бас мердігері – «АқОрда Корпорациясы», бас жобалаушысы – «Redline Pro» ЖШС.
Жаңа емхана пайдалануға берілгеннен кейін ауысымына 300 тұрғынды қабылдай алады. Бұл аудан халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, пациенттерді қабылдау мүмкіндігін кеңейтуге және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға жағдай жасамақ.
Құрылыс жұмыстарын 2027 жылы аяқтау жоспарланған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









