НОВОДОЛИНСКИЙ КЕНТІН ДАМЫТУДЫҢ 2027–2030 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі №150 бұйрығына сәйкес Новодолинский кентін дамытудың 2027–2030 жылдарға арналған жоспарын әзірлеу қажет.

    Осыған байланысты Новодолинский кентінің тұрғындарынан кентті дамыту мәселелері бойынша өз ұсыныстары мен бастамаларын, оның ішінде төмендегі бағыттар бойынша ұсыныстар мен бастамаларды ұсынуды сұраймыз:

    * аумақты абаттандыру және көгалдандыру;

    * жол және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және жөндеу;

    * көшелерді жарықтандыру;

    * кентті дамыту үшін маңызы бар өзге де мәселелер.

    Тұрғындардың ұсыныстары осы ақпарат жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

    Ұсыныстарды төмендегі байланыс арналары арқылы жолдауға болады:

    📧электрондық пошта: [email protected]

    📞телефон арқылы: 8 (72156) 59060

    Келіп түскен барлық ұсыныстар қаралып, Новодолинский кентін дамытудың Жоспарын әзірлеу барысында ескерілетін болады.

    Сіздің пікіріңіз – кентіміздің дамуы үшін маңызды!

    Новодолинский кенті әкімнің аппараты» ММ

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ" жаңалықтары