Новодолинский кенті әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өткізілді

    Новодолинский кенті әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өткізілді

    2026 жылдың 24 қыркүйегінде Новодолинский кенті әкімінің аппараты қызметкерлері арасында: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.

    Семинарда Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру пулы мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямовна спикер ретінде сөз сөйледі.

    Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мәселелері қарастырылды.

    Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.

    « Новодолинский кенті әкімнің аппараты» ММ

    бас маманы

    Н. Гарварт

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ" жаңалықтары