ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮН - БІРЛІК ПЕН ТУҒАН ЕЛГЕ ДЕГЕН МАҚТАНЫШ МЕРЕКЕСІ!

    1 / 20

    Бүгін Новодолинский кентінде еліміздің ең маңызды ұлттық мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті.

    Бұл айтулы күн – тәуелсіздіктің, бірліктің және халқымыздың өркендеуге деген ұмтылысының символы. Ол баршамызды ортақ тарихпен, Отанға деген сүйіспеншілікпен әрі Қазақстанның жарқын болашағына деген сеніммен біріктіреді.

    Мерекелік іс-шара аясында кенттің дамуына елеулі үлес қосқан, еңбекте адалдық танытып, белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленген тұрғындарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Еңбегі мен өз ісіне деген адалдығы үшін олар кент әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

    Мәдениет үйінің өнерпаздары мен Қали Байжанов атындағы ансамбльдің өнер көрсетуікөрермендерге ерекше тарту болды. Жарқын шығармашылық нөмірлер, жүрекке жылы әндер мен мерекелік атмосфера жиналған қауымға ұмытылмас әсер сыйлап, шаттыққа бөледі.

    Еліміз бұдан әрі де нық қадаммен дамып, өркендей берсін! Әр шаңыраққа бейбітшілік, ізгілік, береке мен бірлік тілейміз! Қазақстанның әрбір азаматы туған елімен мақтанып, ертеңгі күнге деген сеніммен өмір сүрсін!

    Қазақстан Республикасының күні құтты болсын!

    Новодолинский кенті әкімнің аппараты» ММ

    https://www.instagram.com/reel/De6jcFWOO27/?obrf=MWVyeGJnODB2Z21lZg==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ" жаңалықтары