Ескелді ауылдық округінің 10-сынып оқушысы Ким Каринаны ғылыми жобалар байқауында «Биология және тіршілік туралы ғылымдар. Биохимия» секциясы бойынша «Қалақай – талшықтан ұлттық киімге дейін» тақырыбындағы зерттеу жұмысын жоғары деңгейде қорғап, жүлделі ІІ орынды иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушының ұлттық құндылықтарды ғылыммен ұштастыра отырып, тың тақырыпта зерттеу жүргізуі – үлкен ізденіс пен еңбектің нәтижесі.
Каринаның ғылыми жұмысына жетекшілік етіп, бағыт-бағдар берген жетекшісі Русецкая Ксения Викторовнаға алғыс білдіреміз!
Каринаға алдағы уақытта да ғылыми ізденістерінде табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жеңістер тілейміз! Жетістіктеріңіз арта берсін!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









