Есірткісіз болашақ: Павлодарда кітапхана төрінде тағылымды кездесу өтті

    Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында полицияның есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері, кітапхана ұжымы мен студент жастардың қатысуымен "Кітаптар есірткіге қарсы" атты ақпараттық-ағартушылық акция өтті.

    Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың есірткі ортасына тартылуының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және олардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Павлодар қаласы полиция басқармасы есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығының орынбасары Айбек Алқамбек өз сөзінде цифрлық есірткі гигиенасын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, қауіпті контентті ажырата білу, интернеттегі күмәнді ұсыныстарға алданбау, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы заңсыз әрекеттерге тартылуға қарсы тұру қажеттігін атап өтті.

    Акция аясында студенттерге салауатты өмір салты, тәуелділіктің алдын алу және жеке қауіпсіздік тақырыптарына арналған әдебиеттер таныстырылды. Кітап көрмесі жастарға маңызды мәселелерді талқылап, өз таңдауының болашағына әсері туралы ойлануға мүмкіндік берді.

    Полиция департаменті қауіпсіздік дұрыс таңдаудан басталатынын еске салады. Есірткінің болашағыңызға балта шабуына жол бермеңіз – тәуелділіксіз өмірді таңдаңыз!

    Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, цифрлық қауіпсіздік және есірткіге қарсы іс-қимыл туралы пайдалы ақпаратты Павлодар облысының Antinarko.kz ақпараттық платформасынан табуға болады. Әрбір азамат платформа материалдарын пайдаланып, қажетті мәліметтермен танысып, өз білімін толықтыра алады.

    Ақпараттан хабардар бол – өзіңді және болашағыңды қорға!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары