1 / 7
Жұмыс сапары барысында полковник Еркін Отарғалымұлы Мақаншы ауданындағы №18 және Аягөз ауданындағы №13 өрт сөндіру бөлімдерінің қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Сондай-ақ Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Бақытжанұлымен және Аягөз ауданының әкімі Айбек Серікболұлымен кездесулер өткізіліп, төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғау саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
Кездесулер барысында өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту, бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, жеке құрамның қызмет атқаруына қолайлы жағдай жасау және халықтың қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









