1 / 6
Полковник Еркін Отарғалымұлы Ақсуат ауданына жұмыс сапарымен барып, азаматтық қорғау саласындағы жұмыстардың барысымен танысты.
Облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Ақсуат ауданындағы қысқы кезеңге дайындық барысын тексерді. Сапар аясында ауданның жеке құрамымен кездесіп, өрт сөндіру бөлімшелерін аралады.
Кездесу барысында өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі, материалдық-техникалық жабдықталуы және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндіктері назарға алынды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









