09.11.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Текелі қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі ашық есік күнін өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру және тұрғындарға құқықтық көмек көрсету. Іс-шара барысында азаматтарға атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі, борышкерлер мен өндіріп алушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









