Уәлиханов ауданы әкімінің 2026 жылдың 09 қарашадағы № 546-ө-ж/қ өкімімен Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Сатқан Ержанұлы Өмірзақов тағайындалды.
Сатқан Ержанұлы Өмірзақов 04.07.1977 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Сайхин ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «Ветеринария» мамандығы бойынша, 2004 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «экономика және басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1999 жылы «Мамбет» ЖШС-нің мал дәрігері ретінде бастаған. Аудан әкімінің орынбасары лауазымыны тағаййындалар алдында 2026 жылдың наурыз айынан бастап мамыр айына дейін Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы 'Теректі ауылдық округі әкімінің аппараты' ММ-нің бас маманы лауазымын атқарған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









