Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен округ аумағындағы мешіттерге профилактикалық рейд жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, қоғамда діни тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және жат ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу.
Рейд барысында мешіттердің қызметіне назар аударылып, имамдармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, терроризм мен экстремизмнің қоғамға төндіретін қауіптері, діни алауыздыққа жол бермеу, тек ресми діни ақпарат көздеріне сүйену және күмәнді діни материалдарды таратпау жөнінде айтылды.
Діни тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау – баршамызға ортақ міндет. Осындай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








