Атырау прокурорлары уәкілетті органдармен бірлесіп, жоғары сынып оқушы қыздарымен «Қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу» тақырыбында алдын алу әңгімесін өткізді.
Кездесу барысында репродуктивті денсаулық, жеке қауіпсіздік, зорлық-зомбылықтан қорғану, жауапкершілік және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері түсіндірілді.
Біздің басты міндетіміз– қыздарымызды қорғау, тәуекелдердің алдын алу және оларды дұрыс әрі жауапты таңдауға бағыттау.
«Бір қызды тәрбиелесең, бүкіл бір ұлтты тәрбиелейсің»деген дана сөз бар. Сондықтан қыздарымызды тәрбиелеу, оқыту және дамыту үшін қауіпсіз жағдай жасау – қоғам мен мемлекеттің болашағына қосылған үлес.
Өйткені бүгінгі қыз – ертеңгі ана, еліміздің болашағын қалыптастыратын тұлға.
Бүгін қыздарымызды қорғай отырып, біз ертең еліміздің болашағын қорғаймыз.
Атырау облысының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





