2026 жылғы 9 қараша күні Жылыбұлақ орта мектебінде сағат 08:00-ден 08:45-ке дейін «Суды үнемде – болашақты сақта!» республикалық бастамасы аясында «Су ізі – әрқайсымыздың жауапты таңдауымыз» тақырыбында бірыңғай республикалық экологиялық сағат өткізілді.

    Іс шараның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, су ресурстарының маңыздылығын түсіндіру және суды үнемді пайдалануға деген жауапкершілігін арттыру. Экологиялық сағат барысында судың адам өміріндегі, табиғаттағы және қоршаған ортадағы маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Сонымен қатар оқушыларға күнделікті өмірде суды тиімді пайдалану, оны ысырап етпеу, су көздерін ластанудан қорғау және табиғи ресурстарды сақтау жөнінде мағлұматтар берілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, суды үнемдеудің қарапайым жолдарын талқылады.
    Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қоршаған ортаны қорғауға және су ресурстарын сақтауға үлес қосуға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары