Өскемен қаласы білім бөлімінің басшысының орынбасары Д.О. Шәріповамен бірлесіп, жұмыс тобының мүшелері Өскемен қаласындағы мектептерге барып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) аясында мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру тәжірибесімен танысты.
Мектептерге бару барысында асханаларды жаңғырту, заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, тамақтану блоктарының жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ МЖӘ аясындағы жобаларды іске асырудың практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жұмыс сапары барысында қатысушылар мектептегі тамақтандыруды ұйымдастырудың қолданыстағы тетіктерімен танысып, жобаларды іске асыру ерекшеліктерін, жабдықтарды тиімді пайдалану мәселелерін және білім алушыларды сапалы әрі қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету үшін заманауи жағдайлар жасау жолдарын талқылады.
Қазіргі уақытта Алтай ауданының сегіз жалпы білім беретін мектебінде мектеп асханаларын мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігіне көшіру жоспарланып отыр. Осыған байланысты Өскемен қаласындағы білім беру ұйымдарының тәжірибесін зерделеуге ерекше көңіл бөлінді.
Алынған тәжірибе мен практикалық ұсыныстар алдағы уақытта мектептегі тамақтандыру жүйесін жетілдіру, мектеп асханаларын жаңғырту және білім алушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарда пайдаланылатын болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








