«День PR» кәсіптер жәрмеңкесі өтті.

    1 / 13

    «Адал Азамат» тәрбие бағдарламасы («Еңбегі адал - жас өрен») және «Болашақ педагог» облыстық жобасы аясында 6 қарашада Оқушылар сарайының базасында (2-корпус) «День PR» кәсіптер жәрмеңкесі өтті.
    Іс-шараның мақсаты — оқушылардың түрлі мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру, педагогикалық еңбекті насихаттау және еңбекқорлықтың негізгі құндылықтарын дәріптеу.
    Жәрмеңкеге Қарағанды облысының педагогикалық бағыттағы білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты:
    1. «Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ
    2. ««Bolashaq» Академиясы» ЖМ
    3. Қарағанды облысы білім басқармасының «Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК
    4. «Bolashaq» Қарағанды жоғары колледжі» ЖМ
    5. Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК
    Іс-шараны ұйымдастырушылар: Шахтинск қаласының білім бөлімі және Шахтинск қаласының Оқушылар сарайының кәсіптік құзыреттілік және мансаптық өсу орталығы. Жәрмеңкеге Шахтинск қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 140 оқушы қамтылды.
    Жәрмеңкеде оқушылар Қарағанды облысының колледждері, оқуға түсу ережелері, мамандықтар, оқу мерзімі, оқуға түсу шарттары, бағдарламалық курстар мен стипендиялар, жатақханаларда тұру туралы ақпарат алды. Іс-шара танымдық және қызықты өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ" жаңалықтары