Ағымдағы жылдың 29 қазанында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлік субъектілермен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде Департаменттің бірқатар жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Т.Д. Базарқұлова, К.Қ. Қонысбаева, А.Қ. Ембергенова салауатты жұмыс орындары жобасы және өнеркәсіптік объектілердегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелері және «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесі туралы түсіндірілді.
Туындаған сұрақтарға бірден жауап беру мақсатында дөңгелек үстелге мемлекеттік еңбек инспекциясы, төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері шақырылды.
Дөңгелек үстел соңында кәсіпкерлермен сұрақ-жауап және пікір алмасу өткізіліп, тиісті түсіндірмелер берілді. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша бірқатар ұсынымдар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









