«Бірлік пен жауапкершілік – Әділетті, Күшті, Таза және Озық Қазақстанның негізі»

    1 / 2

    «Бірлік пен жауапкершілік – Әділетті, Күшті, Таза және Озық Қазақстанның негізі»

    Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған «Бірлік пен жауапкершілік – Әділетті, Күшті, Таза және Озық Қазақстанның негізі» тақырыбында кездесу өтті.
    Кездесу барысында Президент Жолдауында белгіленген ел дамуының негізгі міндеттері, қоғамдық келісімді нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, заң мен тәртіп қағидаттарын сақтау және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері кеңінен талқыланды.
    Қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалардың маңыздылығына тоқталып, оларды жүзеге асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен ортақ жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті. Бірлік бар жерде – береке бар. Елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағы қоғамның ынтымағы мен әр азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары