ШҚО-да «Жаңа мүмкіндіктер экономикасы: әйелдер, кәсіпкерлік және технологиялар» атты республикалық семинар басталды.

    1 / 15
    Шарада Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сөз сөйлеп, әйелдердің қоғамдағы және экономикадағы рөліне, олардың кәсіби дамуына қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды.

    Семинар барысында гендерлік теңдік, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, жаңа технологияларды меңгеру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану тақырыптары талқылануда.

    Сонымен қатар жасанды интеллектінің әйелдердің кәсіби әлеуетін арттыруға, жаңа жобаларды жүзеге асыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және еңбек өнімділігін жоғарылатуға беретін мүмкіндіктері қарастырылуда.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында білім, ғылым мен озық инновациялардың ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Президент әр азаматтың дамуына және өз қабілетін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін жағдай қалыптастыру қажеттігін де атап көрсетті.

    Осы тұрғыда әйелдердің білімін жетілдіруіне, жаңа дағдыларды меңгеруіне, технологиялық өзгерістерге бейімделуіне және экономикалық үдерістерге белсенді қатысуына жағдай жасау өзекті. Бұл - әйелдердің кәсіби әлеуетін ашып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына да серпін беретін маңызды бағыт.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары