Мал жаю ережелері және жауапкершілік

    1 / 2

    🐄 ҚҰРМЕТТІ ОЖАБАЙ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

    Олжабай батыр атындағы ауылдық әкімдігі ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне мал жаю қағидаларын сақтау қажеттігін еске салады.

    Әрбір мал иесі міндетті:

    ✅ Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке қоюды және сәйкестендіруді қамтамасыз етуге;
    ✅ Мал жаюды белгіленген орындарда ұйымдастыруға;
    ✅ Малды қараусыз қалдырмауға;
    ✅ Малды жайылымға айдап апару және кері қайтару кезінде алып жүруді қамтамасыз етуге;
    ✅ Ветеринариялық талаптарды сақтауға;
    ✅ Малдың жолдарда, ортақ пайдаланылатын жерлерде және су қорғау аймақтарында жайылуына жол бермеуге.

    ⚠️ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖАУАПКЕРШІЛІК!

    Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Ал құқық бұзушылық жеке тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруге әкеп соққан жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

    Қараусыз жүрген жануарлар иесіз жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау орындарына қамалуға жатады.

    Құрметті мал иелері! Малдың қараусыз жайылуына жол бермеңіздер!

    Әрбір мал иесінің жауапкершілігі – аудан аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің кепілі!

    Бірге тәртіп сақтап, қауіпсіз қоғам құрайық!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары