Ақмола облысы Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Олжабай батыр атындағы ауылдық округ Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы әкімшілік бірлік болып табылады.
    "Олжабай батыр атындағы ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
    "Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ әкім аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Баяндама

    Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің 2026 жылғы 9 айдағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары және 2027 жылға арналған жоспарлары бойынша баяндама

    Олжабай батыр ауылдық округінің әкімі Ақылбек Қазбекұлы Оразовтың «Олжабай батыратындағыауылдық округінің 2026 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларыжәне 2027 жылға арналған жоспарлары бойынша баяндама» Құрметті ауыл тұрғындары! Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес халыққа есеп беру кездесулері өткізілуде. Олжабай батыр ауылдық округі үш елді мекеннен тұрады: Алғабас, Ынтымақ және Олжабай батыр ауылы. 2026 жылдың 1 қаңтардағы санақ бойынша халықтың саны - 1084 адамды құрап, оның жалпы еңбекке қабілетті- 464 адам. 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша округтегі ірі қара мал саны 1979 бас малды құрайды, оның ішінде 931 сиыр; ұсақ мал - 3473 бас, шошқа - 17, жылқы - 399 бас, құс - 2575 бас. Ауылдық округтің ветеринарлық қызметі ауылдық округ аумағында үй жануарларын таңбалау жұмыстарын жүргізеді. Ветеринарлық іс-шаралар жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. 2026 жылы жануарларға келесі вакцинация жұмыстары жүргізілді: аусылға қарсы вакцина ірі қара малға - 10 500 бас; ұсақ малға - 13 800; шошқаға - 75. Туберкулезге қарсы вакцина - ірі қара малға - 3600 бас; бруцеллезге қарсы вакцина - 5 650; ұсақ малға - 6 180; шошқаға - 5; иттерге - 5; тауықтарға - 800; құтыруға қарсы вакцина - ірі қара малға - 2400 бас; ұсақ малға - 2200 бас; жылқыға - 300; иттерге - 4; мысықтарға - 8. Сібір жарасына қарсы - ірі қара малға - 4400 бас; ұсақ малға - 5200; шошқаға - 40. Қарасанға (2850 ірі қара мал) және құс тұмауына (2400).Ветеринариялық заңнаманы бұзғаны үшін тиісті әкімшілік шаралар қолданылуда. Әкім аппараты азаматтардың өтініштерін үнемі қабылдайды. Барлық келіп түскен сұрақтар белгіленген мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданады. Әлеуметтік жағынан осал топтарға ерекше назар аударылады. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, туындаған мәселелерді шешуге көмек көрсетіледі. 2026 жылы Олжабай батыр ауылдық округі әкімінің аппаратына жеті өтініш келіп түсті, оның үшеуі жеке тұлғалардан, төртеуі заңды тұлғалардан және екеуі жеке қабылдауында. Барлық өтініштер толығымен қаралды. Негізгі қызметке қатысты жиырма бұйрық пен үш шешім шығарылды. Жиырма алты нотариаттық іс-әрекет жасалды. Ауылдық округ әкімдігі мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету үшін халыққа қол жеткізуге баса назар аударады. 2026 жылы әкім аппаратына 14 өтініш келіп түсті, оның 12-сі жеке тұлғалардан, ал екеуі заңды тұлғалардан. Барлық қызметтер орындалды, комиссиялық есептер берілді. Тұрғындарға eGov порталы арқылы қызмет алуға көмек көрсетіледі. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 335 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атаулы әлеуметтік көмекке өтініштер түскен кезде атаулы әлеуметтік көмек комиссиясы жұмыс істейді және мұқтаж отбасыларды анықтайды. 2026 жылы АӘК алатын мұқтаж отбасылар болған жоқ. Ерейментау аудандық мансап орталығының филиалында бес адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Олардың үшеуі «Күміс ғасыр» жобасы бойынша белсенді жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысады; екеуі қоғамдық жұмысқа жіберілді. Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесін су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге дайындау мақсатында ауылдық округ әкімімен 2026 жылғы 13 ақпандағы №10 «2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы» өкім қабылданып, су тасқыны кезеңіне дайындық және тасқын суларды апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Тиісті су тасқынына қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар Гниненко, Жеңіс, Атамекен, Байтуарова және Желтоқсан көшелерінен қар шығару жұмыстары жүргізілді. Шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС), сондай-ақ шөп шабумен айналысатын тұлғалар мерекелік күндерде тұрақты түрде материалдық көмек көрсетіп келеді. Ауылдың әлеуметтік дамуы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен жалпы сомасы 860 000 мың теңгеге 9 меморандум жасалды. Бүгінгі күнге дейін оның 680 000 мың теңгесі игерілді. Аталған қаражат Наурыз мерекесін, 9 мамыр – Жеңіс күнін және Балаларды қорғау күнін өткізуге жұмсалды. Ақпан айында ауылдық округ аудандық «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар байқауына қатысып, 1-орынға ие болды. Жекелеген өнер көрсетілімдері гала-концертке қатысу үшін іріктеліп алынды. Наурыз айында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Көшелер мен ұйымдар тарапынан мерекелік дастархандар ұйымдастырылып, киіз үй тігіліп, онда ауыл тұрғындарына ұлттық тағамдар мен сусындар ұсынылды. Ауылдың орталық алаңында «Арқан тарту», «Қол күрес», «Гір көтеру», «Қазақша күрес», «Қой көтеру» сияқты ұлттық және спорттық жарыстар, сондай-ақ концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Жарыстардың жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ауылдық клубта Балаларды қорғау күніне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында концерттік бағдарлама және балаларға арналған ойын-байқаулар ұйымдастырылды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға айрықша көңіл бөлініп, оларға сыйлықтар табысталды. Спорт жөніндегі әдіскер тұрақты түрде спорттық іс-шаралар өткізіп келеді. Округ тұрғындары аудандық жарыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. 15 шілдеде «ASLAGRO» ЖШС Тугаринов С. отбасына баласын тексеруден өткізу және емдету үшін 500 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. «Белый яр» ЖШС «Мектепке жол» акциясы аясында 12 көпбалалыотбасының 15 баласына жалпы сомасы 300 000 теңге көлемінде мектеп формасын, аяқ киім және мектеп сөмкелерін сатып алуға көмек көрсетті. «Санжар» ЖШС, «Ракишев» ЖК, «Максат» ЖК, «Алишер» ЖК, «ASLAGRO» ЖШС, «Хилал AGRO» ЖШС 6 мұқтаж отбасына әрқайсысына 2 арба шөптен көмек көрсетті. Экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау мақсатында ауылдық округте көктемгі кезеңде абаттандыру және санитарлық тазалық бойынша айлық жарияланды. Ауылдық округ әкімімен 2026 жылғы 9 сәуірдегі №12 өкім қабылданып, комиссия құрылды және елді мекендерде санитарлық тазалықты, абаттандыру мен көгалдандыру айлығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. 0009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жоспар 840 мың теңгені құрады, кассалық орындалуы 835 мың теңге немесе 99,4% болды. Осы бағдарлама аясында жыл бойы ауыл көшелерін қоқыстан тазарту, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) полигонда жинақтау жұмыстары жүргізілді. 011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша жоспар 820 мың теңгені құрады, кассалық орындалуы 815 мың теңге немесе 99,4% болды. Осы бағдарлама аясында жыл бойы ауылды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда ағаштарды бұтау және қалыптастыру жұмыстары атқарылды. 013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жоспар 1 100 мың теңгені құрады, кассалық орындалуы 1 099 мың теңге немесе 99,9% болды. Бағдарлама аясында жыл бойы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау, атап айтқанда қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша жоспар 3 330 мың теңгені құрады, кассалық орындалуы 2 499 мыңтеңге немесе 75% болды. Аталған қаражат Олжабай батыр атындағы ауылдағы көшелерді жарықтандыру жүйесін күтіп-ұстауға жұмсалды. Округте 54 шаруа қожалығы, 37 жеке кәсіпкер, 16 жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) және 6 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі (АӨК) тіркелген. 2026 жылы егіс жұмыстары бойынша келесі көлемде ауыл шаруашылығы дақылдары егілді: «Ленат» ЖШС – 739 га бидай, 265 га арпа; «Хилал Агро» ЖШС – 7 500 га бидай; «Белый яр» ЖШС – 4 755 га бидай, 1 787 га арпа, 214 га зығыр; «Алғабас 03» ЖШС – 56 га арпа; «ASLAGRO» ЖШС – 1 435 га зығыр; «Жалықбас» ЖШС – 200 га арпа; «Гея» ШҚ – 160 га бидай, 20 га сұлы; «Сарсенов» ШҚ – 100 га бидай, 100 га арпа; «Ерсаин» ШҚ – 100 га арпа, 100 га бидай; «Береке» ШҚ – 250 га бидай, 150 га арпа; «А-Шаттық» ШҚ – 155 га арпа; «Ракишев» ШҚ – 70 га арпа; «Береке*3» ШҚ – 100 га арпа. Жер учаскелерінің нысаналы және ұтымды пайдаланылуына жыл сайын бақылау жүргізіледі. Пайдаланылмай жатқан басқа жерлер бойынша жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде шаралар қабылданады. 2026 жылға жер учаскелерін конкурстық негізде бөлу жүргізілген жоқ. Халықты мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында ауыл тұрғындарына уақытша шөп шабуға арналған жер учаскелері бөлінді. Барлығы 20 отбасына, әр отбасына 20 гектардан жер учаскелері берілді. Алыста орналасқан елді мекендерді өртке қарсы қорғауды ұйымдастыру мақсатында Олжабай батыр атындағы ауылдық округте өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Өрт сөндіру бекеті елді мекенді және оған іргелес ауылдық округтердің басқа да ауылдарын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Бекетте 3 адам жұмыс істейді. 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына ауылдық округтің әлеуметтік маңызы бар нысандары қатты отынмен толық қамтамасыз етілді. Олжабай батыр ауылында 380 орындық, қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектеп бар. Мектепте барлығы 29 мұғалім жұмыс істейді. 2026-2027 оқу жылында оқушылар саны 203 оқушыны құрады. Мектепте оқу екі ауысымда жүргізіледі. 2026 жылы 1-сыныпқа 15 оқушы қабылданды. Мектепте асхана жұмыс істейді. 86 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, оның ішінде 20 бала жалпыға бірдей білім беру қорынан тегін тамақтанады. Балабақша мекемесінде 53 бала тәрбиеленуде, олар 3 топқа бөлінген: ересек топта – 25 бала, кіші топта – 14 бала, мектепалды даярлық тобында – 14 бала. Барлығы 16 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 5 тәрбиеші бар. Ауылдық кітапханада 18 064 кітап қоры бар, оның ішінде 4 970 кітап қазақ тілінде. 2026 жылы кітапхана қоры 45 жаңа кітаппен толықтырылды. Тоғыз ай бойынша оқырмандар саны 499 адамды құрады. Кітапханада 89 мәдени және әдеби іс-шара ұйымдастырылып, оларға 2 634 оқырман қатысты. Кітапханада 1 оқу залы және 1 кабинет бар. Ауылдық клубта ауыл тұрғындарының мәдени өмірін дамытуға және оларды белсенді қоғамдық өмірге тартуға бағытталған концерттер, спорттық және танымдық іс-шаралар, үйірме сабақтары және ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіледі. Клубта би, тоқыма, домбыра және басқа да үйірмелер жұмыс істейді. Округте 1 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді. 2023 жылдан бастап амбулаторияны жалпы практика дәрігері мамандығы бойынша дәрігер басқарып келеді. Диспансерлік есепте 108 адам тұрады, оның ішінде 65 адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. 2026 жылы 5 бала дүниеге келді, 7 жүкті әйел есепте тұр. Арнайы профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. 3 табиғи өлім жағдайы тіркелді. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Учаскелік инспектордың ақпаратына сәйкес, 11 хаттама толтырылып, олар бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 505-бабының 1-бөлігі қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейді. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында қараусыз жануарларға жол бермеу және сақтық шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жергілікті қоғамдастық ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге белсенді қатысады. 2026 жылы жергілікті қоғамдастық тарапынан 3 жиналыс өткізілді. 2027 жылға арналған негізгі міндеттер: Ауылды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жалғастыру. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы жобалардың жүзеге асыру Ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және ауыл тұрғындарын қолдау жұмыстарын жалғастыру. Мақсаты бойынша пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлеріне түгендеу жүргізу. Назарларыңызға рақмет!

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғындармен көтерілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен халықпен тұрақты кездесу барысында Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің әкімімен 2026 жылғы 24 сәуірдегі №13 өкім негізінде, сондай-ақ халық тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі жұмыстар жүргізілді: Олжабай батыр атындағы ауылдық округ елді мекендерін абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аумақтарды санитарлық тазалау, қоқыстарды жинау, қоғамдық орындар мен көшелерді тиісті жағдайға келтіру жұмыстары атқарылды. Жұмыстар толық көлемде орындалды. Су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында су өткізгіш құбырлар қардан, мұздан, қоқыстан және топырақ шөгінділерінен тазартылды. Су өткізу құрылыстары тиісті жағдайға келтірілді. Іс-шара белгіленген мерзімде орындалды. Қысқы кезеңде ауылішілік көшелерді қар үйінділерінен тазарту жұмыстары жүргізілді. Қар тазалау жұмыстары қажеттілікке қарай ұйымдастырылып, негізгі көшелерге, кірме жолдарға және әлеуметтік маңызы бар нысандарға ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара орындалды.

    Жарияланды:
    Өкім

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы (21.09.2026 ж. №20)

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсыстандартты бекітутуралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымға сәйкес: «Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. А.Оразов Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің2026 жылғы 21 қыркүйектегі№ 20 өкімімен бекітілген Ерейментау ауданы«Олжабай батыр атындағыауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты 1-тарау.Жалпы ережелер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) қызметкерлерінің белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауына және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін айқындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері: қызметкерлердің орнықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың теріс салдарының алдын алу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт: Мекеме функцияларын жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде Мекеме қызметінде қолданылады; Мекеменің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты тиісінше орындамағаны үшін Мекеме қызметкерлері дербес жауапты болады. 2-тарау. Мекеме қызметкерлері мен лауазымды адамдарының мінез-құлық қағидалары 2.Қызметкерлер мен лауазымды адамдар өз қызметінде: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін ашуға белсенді қатысуға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болуға; адал, әділ, қарапайым болуға, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге; өз әрекеттері мен мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп болмауға, сын айтқаны үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалануға; әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды талап етуге және оны қолдауға; заңнамаға сәйкес келмейтін және Мекеменің мүдделеріне қайшы келетін, біреуге кәсіпкерлік және табыс алуға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға жәрдемдесуге бағытталған әрекеттерді жасаудан бас тартуға; жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге; басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндірмеуге; өз функциялары мен лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін заңды және жеке тұлғалардан сыйақы, оның ішінде ақшалай қаражат, қызмет, сыйлықтар, тауарлар қабылдамауға; қызметтік және таратуға жатпайтын өзге де ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында пайдаланбауға; Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңында көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден бас тартпауға; шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға; лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға, негізсіз бюрократияға, сондай-ақ дөрекілік пен біржақтылық танытуға жол бермеуге; Мекеме құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініш білдірген адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ұйымдардың, Мекеме қызметкерлерінің және өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін лауазымдық жағдайын пайдаланбауға; заңдылық қағидатын басшылыққа алуға, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті. Өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде: функцияларды өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытуға; өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері, сондай-ақ материалдарды жедел қарағаны немесе созбалаңға салғаны үшін қандай да бір пайда алуға көндіру фактілері туралы басшылыққа дереу баяндауға; мүліктік пайда, игілік немесе артықшылық алу мақсатында әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды адамдарға сыйлық бермеуге және қызметтік емес қызмет көрсетпеуге; мүдделер қақтығысы, қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке мүдделіліктің туындауы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына және сыйлықтар алуға көндіру фактілері туралы тікелей немесе жоғары тұрған басшыға баяндауға; жеке және заңды тұлғаларға артықшылық бермеуге, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болуға; орындауға берілген тапсырманың заңдылығына күмән туындаған жағдайда тікелей басшыға дереу жазбаша түрде хабарлауға; жасалған немесе жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық әрекеті туралы басшылыққа дереу баяндауға; бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерінің көлемін нақты және айқын айқындауға; мүдделер қақтығысына жол бермеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны жою жөнінде шаралар қабылдауға; тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған жағдайда жоғары тұрған басшылыққа жүгінуге; бағыныстағы қызметкерлер арасында еңбек жүктемесінің біркелкі бөлінбеуіне жол бермеуге; олардың қызмет нәтижелерін бағалау кезінде, сондай-ақ көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілікті қамтамасыз етуге; қызметтік жағдайын бағынысты қызметкерлердің қызметіне қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ықпал ету үшін пайдаланбауға. Мекеменің ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын дайындау кезінде: ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу сатысында заңда белгіленген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз ескеруге; әзірленетін ішкі нормативтік құжаттардың жобалары нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуін қамтамасыз етуге; ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын дайындау барысында Мекеменің және өзге де заңды тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге; ішкі нормативтік құжаттардың жобалары Мекеменің құзыретінен тыс шықпауға; басқа құрылымдық бөлімшелердің мүдделерін қозғайтын әзірленген ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын тиісті құрылымдық бөлімшелермен талқылау және келісу рәсімінен өткізуге; ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды пайдаланбауға; ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде жекелеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесі үшін нормалардың қабылдануына жол бермеуге. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезінде лауазымды адамдарға: сатып алуға пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау; Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге сатып алу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; сатып алу процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу; атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) қатысуына жол бермеу ұсынылады. Мекеме қызметінің саласында туындайтын өзге де қарым-қатынастар кезінде: өтініштерді қабылдаудан негізсіз бас тартуға, оларды қарау барысында созбалаңға салуға және анық емес мәліметтер ұсыну фактілеріне жол бермеуге; өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін пайдаланбауға; дөрекілікке, адамның қадір-қасиетін қорлауға, әдепсіздікке, әдеп нормаларына қайшы мінез-құлыққа жол бермеуге; туыстық, жерлестік және жеке берілгендік белгілері бойынша кадрларды іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге; анық орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінің шегінен шығатын, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеуге; Мекеме қызметкерлерімен немесе тәуелді жағдайдағы адамдармен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға; Іскерлік әдеп кодексін сақтауға; өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы Мекеме басшылығына және (немесе) құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға; Қазақстан Республикасының заңдарында тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеуге; Мекеме қызметкерлерін қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындауға тартпауға; азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға; басшылардың тапсырмаларын, Мекеме лауазымды адамдарының өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарған бұйрықтары мен өкімдерін орындауға; Мекеме қызметкерлерінің жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтерді жария етпеуге; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті. Мекеме қызметкерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылау «Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің әкіміне жүктеледі.

    Жарияланды: