Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
2026 жылғы 4 қарашада Департамент басшысының орынбасары А.У. Калмагамбетова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында азамат зейнетақы тағайындау мәселесі бойынша жүгінді. Атап айтқанда, 2027 жылғы 18 наурызда зейнеткерлікке шығуына байланысты еңбек өтілін растайтын құжаттары мен мұрағаттық анықтамалардағы мәліметтердің дұрыстығын тексеру жөнінде жәрдем сұрады.
Қабылдау барысында азамат ұсынған еңбек кітапшасы, әскери билет, мұрағаттық анықтамалар және өзге де құжаттар қаралып, олардың дұрыстығы тексерілді. Құжаттардағы анықталған сәйкессіздіктер мен оларды түзету тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар еңбек өтілін растау үшін бұрынғы жұмыс орнынан қосымша анықтама ұсыну қажеттігі жөнінде түсініктеме берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









