💎БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?»
📌 NTIN ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТАУАРЛАР КАТАЛОГЫ (ҰТК): 2026 ЖЫЛҒЫ 1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ӘРБІР КӘСІПКЕР НЕНІ БІЛУІ ТИІС
📌2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда тауарларды өткізетін барлық кәсіпкерлер үшін NTIN кодын пайдалану міндетті болады.
Бұл талап:
✅шағын және микробизнеске;
✅жеке кәсіпкерлерге;
✅үй жанындағы дүкендерге;
✅тауар сататын заңды тұлғаларға қолданылады.
❗ҰТК дегеніміз не?
Ұлттық тауарлар каталогы (ҰТК) – әрбір тауарға бірегей NTIN коды берілетін бірыңғай мемлекеттік цифрлық база.
Егер тауар каталогта жоқ болса, оған уақытша XTIN коды беріледі.
❗NTIN не үшін қажет?
NTIN:
✅тауарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерде сәйкестендіреді;
✅бірыңғай тауар есебін жүргізуге мүмкіндік береді;
✅құжаттарды рәсімдеуді автоматтандырады;
✅тауар айналымының ашықтығын арттырады.
📍Маңызды!
NTIN тауардың заңды шығу тегін растамайды!
NTIN тек тауарды сәйкестендіреді.
Ал тауардың заңды шығу тегі:
✅жүкқұжатпен;
✅шартпен;
✅шотпен;
✅импорт құжаттарымен және басқа бастапқы құжаттармен расталады.
📍NTIN қай жерде көрсетіледі?
✅БКМ чегі;
✅Электрондық шот-фактура (ЭСФ);
✅Тауарларға ілеспе жүкқұжат (СНТ);
✅1С және басқа есеп жүйелері;
✅Импорт және экспорт құжаттары.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








