1 / 4
07 қазан-15 қазан 2026 жылы Ақшатау кенті мен Жарылғап батыр ауылы арасындағы 18 шақырым жолға жөндеу, қажетті материалдар төгіп тегістеу жұмыстары жүргізілді. Кент әкімі Шонанова А.Қ мен Жарылғап батыр ауылы азаматтарының бастамасымен басталған жұмыс, “Сұлушоқы” жеріндегі “Ken-Oil” ЖШС-нің көмегімен қаржылау қолдау тауып, олардан погрузчик, камаз техникасы, “Таңатбай” жеріндегі мердігерлерден экскватор, 2 камаз, кенттегі трасса бойындағы 5 лоттан автогрейдер және каток техникалары сұратылып, нәтижесінде 18 шақырым жол біршама жөндеуден өтіп, тұрғындардың көңілінен шықты. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”- демекші, осы істе бас көтеріп, қол ұштарын берген азаматтарға алғысымыз шексіз.






