Қазіргі цифрлық әлемде интернет-алаяқтық кең таралған қауіптердің біріне айналуда. Қаскүнемдер азаматтардың дербес деректері мен ақшалай қаражатын иемдену үшін түрлі айла-тәсілдерді қолданады.
⚠️ Алаяқтардың құрбаны болмау үшін мына ережелерді сақтау қажет:
бөгде адамдарға банк картасының деректерін, құпиясөздерді және SMS-хабарламадағы кодтарды айтпаңыз;
күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпаңыз;
ақпаратты тексеріңіз және «ұтыстар», шұғыл аударымдар немесе оңай табыс туралы хабарламаларға сенбеңіз;
күмәнді қоңырау шалынған жағдайда банкке немесе тиісті ұйымға ресми нөмір арқылы өзіңіз қайта қоңырау шалыңыз.
Есіңізде болсын: сіздің қырағылығыңыз — интернет-алаяқтардан ең жақсы қорғаныс.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









