2026 жылғы Қазақстан Республикасындағы әскери реформа

    2026 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті таныстырып, Қазақстан Қарулы Күштеріне кешенді реформа жүргізуді тапсырды. 21 қазанда Әскери реформаның жоспары Қауіпсіздік Кеңесінде мақұлданды.

    Негізгі өзгерістер:

    1. Мерзімді әскери қызметтің жаңа жүйесі. Екі кезеңнен тұратын модельге көшу жоспарлануда: 6 ай оқу орталықтарында әскери дайындықтан өту және 6 ай әскери бөлімдерде қызмет ету. Жобаны пилоттық режимде іске қосу 2027 жылға жоспарланған.

    2. Әскери қызметшілерді қорғау. Әскери кеңесшілер институтын және Әскери қызметшілердің құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымын құру көзделген.

    3. Әскерді цифрландыру. Жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологияларды енгізу жоспарлануда.

    4. Әскери дайындықты жаңғырту. Симуляциялық бағдарламаларды пайдалану және жаңа әскери мамандықтарды дамыту көзделген.

    5. Қызмет жағдайларын жақсарту. Казармаларды жөндеу, тамақтану сапасын арттыру және әскери қызметшілерді сапалы әскери киім-кешекпен қамтамасыз ету қарастырылған.

    6. Әскери-патриоттық тәрбие. 2027 жылдан бастап «Жас айбын» бірыңғай жүйесін дамыту жоспарлануда.

    Реформаның мақсаты: заманауи, ұтқыр әрі технологиялық тұрғыдан дамыған армия қалыптастыру, әскери қызметшілердің қауіпсіздігін арттыру және әскери қызмет өткеру жағдайларын жақсарту.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары