Елордада Қазақстандағы ESG күн тәртібін және тұрақты даму мәселелерін талқылауға арналған екінші жыл сайынғы Астаналық ESG форумы – 2026 өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров қатысып, «Қазақстанның ESG күн тәртібінің стратегиялық негіздері: бір жылдан кейін» атты пленарлық сессияда сөз сөйледі.
Өз сөзінде Министр елдің климаттық және экологиялық саясатының негізгі басымдықтарын атап өтті. Олардың қатарында 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, NDC 3.0 құжатын іске асыру, ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталар саудасы жүйесін жетілдіру және жасыл қаржыландыруды дамыту мәселелері бар.
Жеке инвестицияларды тартуға, ESG қағидаттарын бизнес-процестерге енгізуге, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестікті нығайтуға ерекше назар аударылды.
Министрлік экологиялық орнықты экономиканы дамыту, климаттық реттеуді жетілдіру және Қазақстанның төмен көміртекті дамуына инвестициялар тарту бағытындағы жұмысты жалғастыруда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







