Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

    🔹Мемлекет басшысына ұлттық компания қызметінің 2026 жылғы нәтижелері және алдағы жылдарға арналған жоспары жөнінде есеп берілді.

    🔹Президентке тұрғындарды және ел экономикасын табиғи газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ QazaqGaz ұлттық компаниясының 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына толық дайындығы туралы мәлімет ұсынылды.

    🔹Әлібек Жамауов Мемлекет басшысының геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шалқар, Саралжын, Малдыбай, Солтүстік-2, Солтүстік-1 және Аққұдық, Придорожное учаскелерінде жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

    🔹Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның ірі инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру барысы баяндалды.

    🔹Қуаты жылына 1 миллиард текше метр көгілдір отын өңдеуге жететін Қашаған газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда. Өндіріс нысанын пайдалануға беру мерзімі 2027 жылдың ІІІ тоқсанына жоспарланған.

    🔹Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жобасы бойынша инженерлік жобалау, жабдықтар мен материалдарды сатып алу жұмыстары қолға алынып, құрылыс-монтаждау кезеңі басталды.

    🔹Жылына 2,5 миллиард текше метр газ өңдеуге қауқарлы Қашаған газ өңдеу зауыты және жылына 5 миллиард текше метр газ өңдейтін Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобалары бойынша ЕРС-мердігерлер анықталды.

    🔹Сондай-ақ «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы салаға цифрлық шешімдер енгізу жөнінде ақпарат берді.

    🔹Aqyl Energy бастамасы аясында жасанды интеллект пен деректерді талдау элементтерін қолдана отырып, газбен жабдықтауды есепке алу және басқару үдерісін цифрландыру жүзеге асырылып жатыр.

    🔹Газды есепке алуға арналған 1,3 миллионнан астам аспап интеллектуалды есептегіштерге кезең-кезеңімен ауыстырылуда.

    🔹Сонымен қатар Мемлекет басшысы ұлттық компанияның жоспарымен танысты.

    Соған сәйкес, солтүстік өңірлерге – Көкшетау және Петропавл қалаларына көгілдір отын жеткізу, газ-моторлы отын нарығын дамыту, Рудный қаласында жылына 50 мың тонна сұйытылған табиғи газ өндіретін аз тонналы зауыт салу, 4-ші жерасты газ қоймасының құрылысын жүргізу жұмыстары басталды.

    🔹Кездесу соңында Президент жылыту кезеңінде тұрғындарды және экономиканы көгілдір отынмен тұрақты қамтамасыз ету, тауарлы газ қорын кеңейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар