Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы өзгерістер: тапсырыс берушілер мен өнім берушілерге арналған ақпарат

    Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы өзгерістер: тапсырыс берушілер мен өнім берушілерге арналған ақпарат

    Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің назарына 2026 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталының функционалына енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды.

    2026 жылғы 2 қарашадан бастап мемлекеттік сатып алу шарттарын орындау функционалына өзгерістер енгізілді. Енгізілген жаңартуларға сәйкес шарттың орындалуын өнім беруші растайды. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға шарттық міндеттемелерді орындау және веб-порталмен жұмыс істеу кезінде аталған өзгерістерді ескеру ұсынылады.

    Сонымен қатар, Сатып алудың бірыңғай платформасын кезең-кезеңімен енгізу аясында «Жұмыс тәжірибесінің тізілімі» модулінің функционалы мемлекеттік сатып алу веб-порталынан Сатып алудың бірыңғай платформасына көшірілуде.

    Тапсырыс берушілер мен өнім берушілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған тиісті хабарландырулармен және нұсқаулықтармен уақтылы танысу ұсынылады.

    Өзекті ақпарат ресми веб-порталда қолжетімді: https://goszakup.gov.kz/ru/

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы" КММ" жаңалықтары