Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы пікірсайыс турнирінде жүлделі орынға ие болды

    Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы пікірсайыс турнирінде жүлделі орынға ие болды

    Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер арасында өткен «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» пікірсайыс турнирінде III орын иеленді.
    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылған шара Абайдың тағылымды мұрасын дәріптеуге, мемлекеттік қызметшілердің сыни ойлау қабілеті мен шешендік өнерін дамытуға, сондай-ақ дәлелді пікір алмасу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
    Сайыс барысында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, логикалық дәлелдер мен нақты уәждер арқылы өз ұстанымдарын қорғады.
    Басқарма командасының жүлделі орынға ие болуы қатысушылардың тыңғылықты дайындығы мен бірлескен жұмысының нәтижесі болды.
    Мұндай бастамалар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттырып, парасаттылық, жауапкершілік және адал қызмет ету құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді. ‎

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы" КММ" жаңалықтары