« Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 125-НҚ ««Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан титан диоксидін әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 125-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы » Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі бұйрығы жобасының(бұдан әрі – Бұйрық жобасы)ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Бұйрық жобасы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 124 «Қытай Халық Республикасынан шыққан және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін титан диоксидіне қатысты демпингке қарсы шараны уақытша қолданбау және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 96 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің күшіне енуіне байланысты әзірленді.
Бұйрық жобасының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 125-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу арқылы бұйрықтың қолданысын 2027 жылғы 10 тамызға дейін тоқтата тұру.
Жоба 03.11.2026 ж. бастап 18.11.2026 ж. дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында талқылануда (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15937649).
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








