Мүгедектігі бар азаматтарға мемлекет тарапынан түрлі әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Оның ішінде техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, жеке көмекші қызметін ұсыну, санаторий-курорттық ем алуға мүмкіндік жасау және жұмыспен қамту шаралары бар. Мұндай қолдау азаматтардың өмір сапасын жақсартып, қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасайды.
Осындай қолдауды алып, сонымен қатар еңбек етіп жүрген азаматтардың бірі – Абдуллаев Дін-Мұхаммед Даниярұлы. І топтағы мүгедектігі бар азамат әлеуметтік қолдау шараларын пайдаланып қана қоймай, тұрақты жұмысқа орналасып, еңбек жолын жалғастырып келеді.
2018 жылы жұмыс іздеп Мансап орталығына жүгінген Дін-Мұхаммед орталық мамандарының көмегімен «iKomek109» қызметіне жұмысқа орналасқан. Мұнда бейнебақылау операторы болып еңбек ете бастаған. Кейін тұрақты жұмысқа қабылданды.
Дін-Мұхаммед өз жұмысын жақсы көретінін айтып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға және жұмысқа орналасуына көмектескен Мансап орталығының мамандарына алғысын білдіреді.
Оның еңбек жолы мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы бейнематериалдан толығырақ көре аласыздар.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









