2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда балаларға қатысты құқық бұзушылықтар саны 3,7%-ға азайды.
Оң динамика еліміздің бірқатар өңірінде, соның ішінде Жамбыл, Атырау, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалады.
Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іс жүзінде жүзеге асырылуын бағалау үшін өңірлерге барып, мониторинг жүргізуде. Бұған дейін кәмелетке толмағандардың қатысуымен қоғамдық резонанс тудырған оқиғалар болған немесе профилактикалық жұмысты ұйымдастыруда кемшіліктер анықталған өңірлерге ерекше көңіл бөлінеді.
Атап айтқанда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Жетісу облысында мониторинг жүргізілді. Оның нәтижелері білім беру ұйымдарында балаларды қорғаудың қолданыстағы тетіктерін іс жүзінде қолдануды күшейту қажеттігін көрсетті.
Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру жұмысы жалғасуда. Қауіп-қатерлерді ерте анықтауға, кәмелетке толмағандарға жеке қажеттіліктеріне сай қолдау көрсетуге және олардың құқықтарының бұзылу фактілеріне уақтылы ден қоюға ерекше көңіл бөлінеді.
Жаңа тәсілдерді пилоттық енгізу барысында педагогтердің кәсіби қызметін бағалауға балаларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерді уақтылы анықтау көрсеткішін қосу көзделген.
2026-2027 оқу жылынан бастап 5-11 сынып оқушылары үшін міндетті «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді. Оқушылар қауіпті жағдайларды тануды, жеке шекараларын қорғауды, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтауды және дер кезінде көмек сұрауды үйренеді.
Балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жұмысы 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңы аясында жалғасуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








