Қосшы қаласына жұмыс сапары барысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова IT-лицейге барды. Министр бастауыш сыныптарды аралап, оқушылармен және бастауыш сынып мұғалімдерімен әңгімелесті.
Одан кейін акт залында лицейдің педагогикалық ұжымымен сұрақ-жауап форматында кездесу өтті. Мұғалімдер бастауыш сыныптардағы бағалау, педагогтерді аттестаттау, оқулықтардың сапасы және оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысты өзге де сұрақтарын қойды.
Әңгіме барысында жаңа бағалау жүйесін тәжірибеде қолдану, аттестаттаудан өту және оқулықтардың мазмұнын жаңарту мәселелері талқыланды. Жұлдыз Сүлейменова көтерілген сұрақтар бойынша түсіндірме беріп, Оқу-ағарту министрлігі жүргізіп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








