Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басымдықтар білім сапасын арттыруға, педагогтерді қолдауға және әр балаға тең мүмкіндік жасауға бағытталған. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова XV NIS халықаралық конференциясының жабылуында сөйлеген сөзінде осы міндеттерге тоқталды.
Астанада «Мектеп және адами әлеует: сапалы білім және тең мүмкіндіктер» тақырыбымен ұйымдастырылған конференцияға 1700-ге жуық қатысушы жиналды. Отандық және шетелдік сарапшылар педагогтердің кәсіби дамуы, инклюзивті оқыту, жасанды интеллектіні қолдану және оқушылардың әл-ауқаты мәселелерін талқылады.
Министр білім беру жүйесінің адами капиталды дамытудағы рөліне тоқталып, әр баланың сапалы білім алуына, қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына жағдай жасаудың маңызын жеткізді. Биыл 15 жылдық белеске жеткен конференция педагогтердің тәжірибе алмасуына және халықаралық зерттеулерді мектеп тәжірибесімен ұштастыруға мүмкіндік беріп келеді.
Жиын барысында Жұлдыз Сүлейменова білім саласын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға, соның ішінде NIS басшылығына, педагогтері мен қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








