1 / 8
Түрксіб ауданының № 21 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде кәсіби бағыттағы сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті.
Балалар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті қызметімен танысты, қызметті ұйымдастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары туралы білді.
Бөлімше қызметкерлері өрт-құтқару техникасы мен арнайы жабдықтарын көрсетіп, олардың мақсаты мен қолдану тәртібі туралы айтып берді. Өрт қауіпсіздігі ережелеріне және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдеріне ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









