Бүгін 4 қараша күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңесті аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елемесов жүргізді. Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері және ауылдық округтер әкімдері мен тиісті сала басшылары (онлайн және офлайн режимінде) қатынасты. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- 2026 жылдың IX айлық қорытындысы бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің атқарған жұмыстары және жоспардағы атқарылатын жұмыстары туралы;
Хабарламашы: Танашев Жәңгір Серікұлы – Төтенше жағдайлар департаментінің Бөкей ордасы ауданы №19 өрт сөндіру бекетінің бастығы азаматтық қорғау капитаны;
- 2026 жылдың IX айдың қорытындысы бойынша мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, және спорт бөлімі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтері, оның сапасын арттыру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы;
Хабарламашы: Дүйсенова Данагүл Берікқызы – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;
- Темір Масин, Саралжын және Ұялы ауылдық округтері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы және және оның сапасын арттыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы есептері туралы.
Хабарламашылар: Қуанышқали Жайық Абайұлы – Темір Масин а/о әкімі аппаратының бас маманы;
Бадиров Мирхат Қанатқалиұлы – Саралжын а/о әкімінің міндетін уақытша атқарушы;
Ермекқалиев Ерлан Нұрболатұлы – Ұялы а/о әкімі;
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша – кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округтер әкімдеріне хаттамалық ұсыныстар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









