Ұстаздар күнімен құттықтау!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Ұстаздар күнімен құттықтау!

    Құрметті ұстаздар, ардақты білім саласыныңардагерлері!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп қана қоймай, олардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық пен ізгілік қасиеттерін сіңіретін қастерлі мамандық иесі. Ұстаз еңбегі – елдің ертеңіне салынған ең маңызды инвестиция.

    Сіздердің шәкірттеріңізге сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қажырлы еңбектеріңіз, ізденістеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз әрдайым зор құрметке лайық. Білімді, білікті, тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

    Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық ізденіс пен кәсіби толағай табыс тілеймін. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің жетістігіне әрдайым қуанып жүріңіздер!

    Мәртебелі мамандықтарыңыз абырой биігінен көріне берсін! Әр шаңыраққа береке, әр жүрекке қуаныш, әр ұстазға құрмет пен ізгілік серік болсын!

    Ізгі ниетпен,
    Аудандық мәслихат төрағасы
    Лариса Қайырғалиева

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары