Мүгедектігі бар адамдарға техникалық оңалту құралдары медициналық көрсетілімдер бойынша ұсынылған және олардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасындакөзделген жағдайда беріледі.
Техникалық оңалту құралдарына мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына, кеңістікте бағдарлануына, естуіне, қарым-қатынас жасауына, өзіне-өзі қызмет көрсетуіне және күнделікті тұрмыстық әрекеттерді орындауына көмектесетін әртүрлі бұйымдар мен құрылғылар жатады.
Техникалық оңалту құралдарына мыналар жатады:
Қозғалыс құралдары.
Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған құралдар.
Есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған құралдар.
Протездік-ортопедиялық құралдар.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және күтім жасау құралдары.
Әлеуметтік қорғаудың кепілдік берілген көлемі шеңберінде мүгедектігі бар адамдар өздерінің жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасында көзделген техникалық оңалту құралдарымен бюджет қаражаты есебінен тегін қамтамасыз етіледі.
Техникалық оңалту құралдарын таңдау және алу мемлекет белгілеген құралдар түрлері, пайдалану мерзімдері мен кепілдік берілген құны шегінде жүзеге асырылады. Егер таңдалған техникалық оңалту құралының құны белгіленген кепілдік сомасынан асып кетсе, айырмасын алушы өз қаражаты есебінен төлейді.
Техникалық оңалту құралдары мүгедектігі бар адамдардың дербестігі мен белсенділігін арттыруға, сол арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








