Алғашқы дабыл белгісіне дейін

    Объектінің қауіпсіздігі оның күнделікті жұмысын қамтамасыз ететін адамдардан басталады. Ықтимал қауіп-қатерді дер кезінде байқап, оған дұрыс әрекет ете білу, әсіресе, келушілер саны көп объектілерде аса маңызды. Осы мәселелерге «Барыс Арена» қызметкерлеріне арналған профилактикалық дәріс барысында ерекше назар аударылды.

    Дәріс көрнекілік бөліміне айрықша көңіл бөлінді. Қатысушыларға қауіп төндіру мүмкін заттар көрсетіліп, оларды анықтаған жағдайда неліктен мұқият әрі сақ болу қажеттігі түсіндірілді. Мұндай формат теориялық білімді қызметкерлер жұмыс барысында тап болуы мүмкін нақты жағдайлармен ұштастыруға мүмкіндік береді.

    Дәріс барысында террористік қауіп-қатер туындаған кездегі алғашқы ден қою шаралары қарастырылды. Қауіп туралы уақытылы хабарлаудың, белгіленген іс-қимыл тәртібін сақтаудың және қызметкерлердің өзара үйлесімді әрекет етуінің маңыздылығын баса назар аударылды. Төтенше жағдайда әрбір қызметкер өзінің міндеті мен рөлін нақты түсінуі тиіс. Себебі абыржу мен келісілмеген шешімдер қаупі дер кезінде ден қоюды қиындатуы мүмкін.

    Сонымен қатар, объект басшыларына, оларға бағынысты қызметкерлерге және күзет қызметінің мамандарына терроризмге қарсы қорғалу саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптары түсіндірілді. Бұл талаптарды білу қауіпсіздік мәселелерінің объект жұмысын ұйымдастыру кезінде де, күнделікті қызметтік міндеттерді орындау барысында да жүйелі түрде ескерілуі үшін қажет.

    Осындай іс-шараларды өткізу жалпы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. «Барыс Арена» үшін бұл қызметкерлердің ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтауға және олар туындаған алғашқы сәттерден бастап саналы әрі дұрыс әрекет етуге дайын болуын білдіреді. Өйткені объектінің қорғалуы тек техникалық құралдар мен күзет қызметінің жұмысына ғана емес, әрбір қызметкерлердің қырағылығы мен жауапкершілігіне де байланысты.

    Материалды ҚР ҰҚК Астана қаласы бойынша Департаментінің ТҚО басқармасы дайындады

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары