Заңды білу – жауапкершілікті сезіну

    Қазығұрт ауданының тұрғындарымен экстремизм мен терроризмге қарсы жиналыс өткізілді.

    Кездесудің мақсаты - тұрғындар арасындағы жасалатын экстремистік және террористік қылмыс пен құқықбұзушылықтардың салдары мен зардаптарын түсіндіру арқылы, терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру​​​​​​​​​​.

    Аталған іс-шарада экстремистік және террористік қылмыстарды жасағаны үшін түзеу мекемелеріндегі азаматтардың тағдыры туралы бейнероликтер көрсетіліп, терроризмнің зардаптары туралы түсіндірілді.

    ҚР Қылмыстық Кодексінің 174-бабы – әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру, 256-бабы – терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, 257-бабы – террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу бойынша жауапкершілік шаралары туралы сөз қозғалды.

    Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік мәселелері де назардан тыс қалмады.

    Атап айтқанда, діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау, діни әдебиеттер мен материалдарды тарату кезіндегі белгіленген тәртіпті бұзбау, заңсыз діни қызметке жол бермеу туралы сөз болды.

    Азаматтарға діни ақпараттарды таңдауда сақ болу, әлеуметтік желілерде заңсыз мазмұндағы материалдарды таратпау қажеттігі ескертілді.

    Тұрғындарға тек дін саласындағы арнайы бекітілген әдебиеттер мен дереккөздерді, сайттарды ғана қарау туралы түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізуге шақырды.

    Себебі, бүгінде жастар күнделікті бос уақыттарының басым бөлігін интернет кеңістігімен өткізуде.

    Кездесу соңында қызметкерлер тарапынан жастарға діни тұрғыдан оң әсер ету бағытында мәселелер ортаға салынып, қызықтырған сұрақтарына мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

    Алдағы уақытта аталған тақырыпта аудан жастарын толығымен қамту көзделуде.

    Материал Түркістан облысы ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары