ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ТОЛЫ АПТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫ!

    1 / 2

    Бүгін Павлодар облысы, Железин ауданындағы «Міржақып Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-де «Шығармашылық пәндер» әдістемелік бірлестігінің апталығы салтанатты түрде ашылды!

    Апталықтың ашылу салтанаты ерекше серпінге, жарқын эмоцияларға және шығармашылық шабытқа толы болды. Оқушылар ұлттық өнерімізді ұлықтап, халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптейтін өнерлерін көрермен назарына ұсынды.

    Әсем әуен, ұлттық нақыш, өнер мен шығармашылық үйлесім тапқан бұл күн мектеп өміріне ерекше сән берді. Оқушылар өздерінің таланттары мен қабілеттерін танытып, ұлттық құндылықтарға деген құрметтерін көрсетті.

    Шығармашылық – шабыттың бастауы, өнер – рухани байлықтың көрінісі!

    Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру, ұлттық өнер мен мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ әр баланың бойындағы талантты шыңдау.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы білім беру басқармасының «Железин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары