«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 28-бабы 6-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, жоғары оқу орындарын GPA 3,33 тен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын аяқтаған түлектер оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей аудандық және ауылдық деңгейлердегі басшылық емес лауазымдарға қабылдану мүмкіндігі көзделген.
Жоғарыда аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «Eqyzmet.gov.kz» порталында «Түлектерге арналған бос орындар» бөлімі енгізілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








