"Тарбағатай аудандық мәслихатының аппараты"ММ

    Мәслихат туралы

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Мәслихат өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, өздерiнің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.

    Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

    Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Шешім

    Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 маусымдағы «Жер комиссиясын құру туралы» №158 қаулысын бекіту туралы

    Жарияланды:
    Шешім

    Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №11/4-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Жарияланды:
    Шешім

    Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Тарбағатай аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №32/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    Жарияланды: