2026 жылғы 28 қазанда «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыс жоспарына сәйкес аппарат қызметкерлері арасында құқықтық жалпы оқыту өткізілді.
Жиын барысында бас маман мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, қызмет алушылармен жұмыс істеу кезіндегі жауапкершілік, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және мерзімдерді сақтау мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының талаптары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға аппараттың барлық қызметкерлері қатысты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









