Құрметті аудан тұрғындары!
2026 жылғы 4 қараша күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін 10 кВ «Жанарық» әуе электр желісіне жақын орналасқан ағаш бұтақтарын қырқу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірқатар елді мекендерде электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады.
Электр жарығы уақытша өшірілетін аумақтар:**
- Сарыағаш қаласы: Көктем көшесі (Дача);
- Құркелес ауылдық округі: Еңкес, Жанарық, Келес ауылдары;
- Ақниет ауылы: О. Битемиров, Жастар, А. Мейірбеков көшелері.
Аудан тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қажетті сақтық шараларын алдын ала қабылдауды сұраймыз.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









