1 / 2
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Астана қаласы мен Түркістан облысында өткен «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті спорт фестивалінің жүлдегерлерін арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтады.
– Спорттағы әрбір жетістік – қажырлы еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Сіздердің жеңістеріңіз – ауданымыз үшін үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге тілектеспін! – деді аудан басшысы.
Айта кетсек, Сарыағаш қаласындағы №78 жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушылары Жақыбай Еркебұлан, Амантурдиев Бекарыс және Маден Заңғар аталған фестивальде Астана қаласынан ІІІ орын, Түркістан облысынан І орын иеленді.
Жас спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – Ускенбаев Ержан Айтуевич.
Кездесу соңында аудан басшысы жас спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік тілеп, инклюзивті спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








